Get Adobe Flash player

Басты мәзір

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасының аясында Батыс Қазақстан облысының аудандарына экспедиция

2017 жылдың 27-31 тамыз аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі географиясы» жобасының аясында Батыс Қазақстан облысының аудандарына экспедиция ұйымдастырылды.


Экспедиция құрамында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері А.Екимбаева, А.Рахимберді, БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев бастаған музей қызметкерлері және БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Т.Жүсіпқалиев қызметкерлерімен болды. Экспедиция Казталов ауданының Жалпақтал ауылынан бастау алды. Жалпақтал ауылында 1885 жылы салынған Қожантай мешіті мен Казталов және Жаңақала аудандарының шекарасында орналасқан Жалпақтал қалашығына барып, аталмыш ауданда ауыл ақсақалдарымен, шежірешілермен жергілікті тарихшылармен кездесіп, Борсы, Ұзынкөл ауылдарындағы Ғұмар Қараш, Әтеш ата зираттарына тәу етті. Экспедиция мүшелері Бөкей ордасы, Хан ордасы ауылындағы Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің құрамындағы «Бөкей ордасының тарихы», «Тәуелсіздік», «Хан сарайының қару-жарақ палатасы», «Жәңгір хан сарайы», «Ордадағы тұңғыш қазақ баспаханасы», «Бөкей ордасында халыққа білім беру» музейлерін және кешен құрамындағы тарихи-архитектуралық ғимараттары «Тарғын мектебі», «Дәрігер А.Сергачев үйі», «С.Меңдешев үйі», «А.Оразбаева тұрған үй», бұрынғы аурухана кешенінің «Амбулатория», «Стационар» бөлімдерінің ғимараттарын, сонымен қоса кешен құрамындағы пантеон ескерткіштері «Жәңгір хан», «күйші Дәулеткерей», «этнограф-ғалым С.Бабажанов» кесенелері мен сол маңдағы көне құлпытастарды аралады. Келесі бағытта Жаңақала ауданы болды. Жаңақала ауданында Д.Нұрпейісова атындағы өнер музейі мен Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейлерін аралап, Мәмен күйші мен Тұяқберді Шәмелов кесенелеріне жол тартты. Кесене басында құран бағыштап, кесене тарихымен танысты. Сондай-ақ Тастөбе шайқасына арналған ескерткіш басында аудан ақсақалдары мен тарихшылармен кездесіп Тастөбе шайқасы туралы біраз мәлімет алды. Жаңақала ауданынан кейін Ақжайық ауданының Тайпақ ауылына жол тартты. Тайпақ ауылында Мәуленберді Хазірет пен Үкі би кесенелеріне барды. Сондай-ақ экспедиция мүшелері Қаратөбе ауданында Мұхит пен Ұзақ күйші кесенелерінде, Сырым ауданындағы «Сырым шыққан төбе» ескерткіші, Күнбатыс Алашорда орналасқан ғимарат, Шолақ мола, Ормантай қорымдарында, Жұмағазы Хазірет кесенесінде, Ақмешіт әулиелер қорымында болды. Келесі кезекте Шыңғырлау ауданында Сарқырама, «Қыз әулие», Теректі ауданы Шалқар ауылындағы Шалқар көліне барды. Экспедицияның нәтижесінде Батыс Қазақстан облысындағы тоғыз ауданның киелі, қасиетті жерлерін аралап, ауданның тарихшы-өлкетанушыларымен, ақсақалдарымен кездесіп, олардың айтқан аңыз-әңгімелеріне қанықты.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?