Get Adobe Flash player

Басты мәзір

Тарихы терең Түркістан

2017 жылдың 15 қыркүйек күні сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының "Тарихы терең Түркістан" атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.


Киелі шаhар Түркістанның тарихымен таныстыру, музей арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған аталмыш көрмеге 250-ге жуық жәдігерлер қойылды. Шараның алғы сөзі облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Б.Ерсаевқа ұсынылды. Шара барысында өлкетанушы С.Е.Танабаева, Әзірет сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ғылыми қызметкері Б.К.Байболов сөз сөйлеп, екі музей арасында өзара тығыз байланыс орнату, ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қою рәсімі орындалды. Сондай ақ шарада Түркістан тарихынан бейнебаян көрсетілді. Шарадан соң көрменің салтанатты ашылу рәсімі орындалып, қонақтар "Тарихы терең Түркістан" көрмесін тамашалады. Көрме ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанға дейін көпшілік назарына ұсынылатындығын хабарлаймыз.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?