Get Adobe Flash player

Басты мәзір

«От рукоделия – к бизнесу»

2017 жылдың 18 тамыз күні сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ел іші – өнер кеніші» атты жобасы аясында «Көкейімде бар әлем» атты көрме жабдықталды.


Көрмеге танымал күйші, белгілі домбырашы Е.Нәбиевтің домбыралары, Т.Есімғалиевтің жанұялық суретшілер картиналары, «Марал аяқ – киім ательесінің» туындылары, «Азамат-Айжан» ұлттық қолөнер шеберханасының бұйымдары, бесік пен сандықтары, құрақ көрпелері, Арман Айтбаевтың былғары бұйымдары, Д.Хафизова мен Д.Тұрғынғалиеваның қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамашалауға қолөнер шеберлері Е.Нәбиев, суретшілер Т.Есімғалиев және оның өнерлі ұл-қызы Нағима мен Нағым, Е.Мұсағалиев, т.б шеберлер, мәдени мекеме қызметкерлері, музей қызметкерлері, «Байтерек» аула клубының мүшелері қатысты. Шара барысында музей директоры М.Ерсаев алғы сөз сөйлеп, қолөнер шеберлерінің жұмысына табыс тіледі және музейге олардың бір бұйымдарының қалуына өтініш білдіріп, тарихи мұра ретінде қорда сақталарына сенім білдірді. Сондай-ақ шарада шебер домбырашы Е.Нәбиев пен шебер Е.Мұсағалиев сөз сөйледі. Олар тарихи маңызы бар жобаның өтіп жатқанына, жоба аясындағы көрмеге қатысушы ретінде шақырған музей ұжымына алғыстарын білдірді. Кейін қонақтар көрме залына өтіп, шеберлердің әсем туындыларымен танысты. Шара соңында көрмеге жиналған қонақтар естелік фотосуретке түсті.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?