Get Adobe Flash player

Главное меню

Жайықтың жауһар мұралары

ЕХРО-2017 мамандандырылған халықаралық көрме аясында Астана қаласы «Қазанат» ипподромында орналасқан этноауылда 2017 жылдың 31 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жайықтың жауһар мұралары» атты көрмесі ашылды.

Музей жәдігерлері қойылған киіз үйлердің ішінде «Алтын ханшайым» экспозициясы, Құрманғазы домбырасының көшірмесі, Ә.Қастеевтің 1941 жылы салған «Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі» атты түпнұсқа картинасы, Жәңгір хан мундиірінің, оның жары Фатима ханымның салтанатты кеште киетін көйлегінің көшірмелері, Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің үлгісін көруге болады. Сонымен қатар, музей қорынан алынған облыс аумағындағы Лебедевка, Қырықоба қорғандарынан табылған археологиялық қазба материалдары, алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдардың мол жиынтығы, өңір тарихына қатысты құнды құжаттар бар. Көрмеге Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мукаев, аудан әкімдері және ассамблея мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері, қала қонақтары, музей қызметкерлері қатысты. Көрме тамыздың 4-іне дейін келушілердің назарына ұсынылады.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Регистрация



Жемчужины фонда

Смотреть все
Как вы узнали о нашем сайте?