Get Adobe Flash player

Басты мәзір

  • Домашняя страница
  • История музея
  • Законодательство
  • 3D галерея
  • Фотогалерея
  • Виртуальный тур
  • Видеогалерея
  • Карта проезда
  • Гостевая книга

Тағылымы мол тарлан тәлімгерлер

2017 жылдың 8 маусым күні БҚО тарихи-өлкетану музейінде ғалым, ҚР Білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бірімжаров Бақтығұл Қабдырұлының туғанына 70 жыл және ғалым, тарих ғылымының кандидаты Кенжалиев Исатай Нәсекенұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Тағылымы мол тарлан тәлімгерлер» атты көрменің ашылуы мен тарихи-тағылымды шара өтті.


Шараға асыл азамат Б.Бірімжаровтың отбасы - ұл-қыздары мен немерелері, шәкірттері А.Байболсынова, Е.Хайдаров, М.Ықсанов атындағы қоғамдық қор төрағасы А.Атаев, ардагер ұстаз М.Жолдықайырқызы, белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Жақсығалиев, ғұмартанушы, тарих ғылымдарының доценті Б.Боранбаева, тарихшы мұғалім Б.Бақтығұлова, сондай-ақ зерттеуші ғалым И.Кенжалиевті зерттеуші жас маман А.Дүйсеналиева, кітапхана қызметкерлері, музей қызметкерлері, студенттер қатысты. Шара барысында Б.Бірімжаров пен И.Кенжалиевтің өмірі мен қызмет жолына арналған бейнебаян көрсетіліп, музей қорындағы жәдігерлер негізінде жабдықталған «Тағылымы мол тарлан тәлімгерлер» атты көрмемен танысты. Шараға келген қонақтар арасынан қызы Әсел әкесінің мерейтойына арнап өткізіліп отырған іс-шараны ұйымдастырушыларына өз алғысын айтса, ұстаз алдын көріп одан тәлім алған студенттері бүгінде жоғары оқу орнында қызмет етіп жүрген оқытушы - ғалымдар оның адамгершілігі, білімдарлығы, парасаттылығы жайында естеліктерімен бөлісті.

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?
 
«  Ноября 2017  »
ПоВтСрЧеПяСуВо
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930