Get Adobe Flash player

Главное меню

«Ұлттық музейге сый тарту» атты республикалық акция

 

2017 жылдың 24 сәуір күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен  «Ұлттық музейге сый тарту» атты республикалық акция өтті.

Шараның мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың ірі тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтауға және көпшілік назарына ұсыну үшін Ұлттық музейге тапсыруға үндеу.Аталған акцияға Ақ Жайық өңірінен шыққан Дина Нұрпейісова, Мәншүк Мәметова, Сатан Арыстанов, Ахмет Дауылбаев, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Қайрат Жұмағалиев, Шамғон мен Тілес Қажығалиевтер, Мәжит Жаданов, Тұяқберді Шәмелов сынды  ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, отбасылық мұрағатта сақталған жәдігерлерін музейге сыйға тартты. Сонымен қатар акцияға Ақ жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева, композитор Ескендір Хасанғалиев, еңбек ардагері Ғазиз Хаймулдин, ақындар Шолпан Қыдырниязова мен Дариға Мұштанова, күйші Ермек Қазиев, режиссер Сердок Қажымұратов, дәстүрлі әншілер Сағдат Рахметжанов пен Сәуле Таудаевалар да қатысты. Биылғы Рио Олимпиадасында еліміздің намысын қорғаған спортшыларымыз Данияр Елеусинов пен Екатерина Ларионова да акцияға атсалысты. Бұдан бөлек Оралдық қылқалам шеберлері-  Қайыр Оразғалиев, Василий Сумароков, Қуандық Мәдіров, Ерғали Бекешов, Бақытқали  Оразов, Асхат Әбдешев, Хайдар Шаблиев, Қадыржан Нығметов та өз туындыларын музей қорына тапсырды. Ақжайық өңірінен шыққан  ұлы тұлғалар және олардың ұрпақтары ҚР Ұлттық музейінің қорына 300 жуық жәдігер сыйға тартты. Акцияға қала тұрғындары, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Регистрация



Жемчужины фонда

Смотреть все
Как вы узнали о нашем сайте?