«Алаштың ұстанымы - ұлт мұрасы» атты көрменің ашылуы болды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Алашорда қайраткері, дәрігер Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Алаштың ұстанымы - ұлт мұрасы» атты көрменің ашылуы болды. Көрмеге М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С.Боранбаева, тарих факультетінің студенттері, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері, музей қызметкерлері қатысты.

Көрмеге музей қорындағы Халел Досмұхамедовке қатысты мұрағаттық құжаттар көшірмелері, әр жылдарда түскен фотосуреттері, еңбектері, кітаптары қойылды. #бқомузейлер

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей