Кеңес Одағының Батыры Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

<p>

ҚАЗ

Кеңес Одағының Батыры Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

      М.Ж.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәншүктің жастық шағы Орал қаласында өткен.

       Мәншүк 1942 жылдың тамыз айынан бастап майдандағы армия қатарында болды. Ол үздік пулеметші атанды.

       21-гвардиялық атқыштар дивизиясысының пулеметшісі, гвардия аға сержанты Мәншүк Мәметова Псков облысының Невель қаласын қорғаудағы кескіліскен шайқаста 1943 жылы 15 қазан қаза болды.

       1944 жылдың 1 наурызында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәншүк Мәметованың қарулас жолдасы Болатов Ахметқазы Ахметжанұлының естелігі.

Изочи стансасы үшін болған ұрыстарға қатысушы кіші лейтенант Болатов Ахметқазы Ахметжанұлының естелігінен: «...1943 жылдың 11 қазанында біздің дивизион Изочи станциясын азат етуге қатысу туралы тапсырма алған соң Мәншүк қызмет еткен батальонға қосылды.

Мәншүк басқарған пулеметшілер бөлімшесі немістердің шоғырланған жеріне қарама-қарсы төбеде орналасты. Ұрыс таңертең ерте басталды. Біз Изочиді шығынсыз алып едік, бірақ біраздан соң немістер қарсы шабуылға шықты. Біз көп шығынға ұшырадық, позицияларды тастап, шегінуге мәжбүр болдық. Шегініп келе жатып біз Мәншүкті көрдік, ол ұрысты жалғыз өзі жалғастырып, басынан жараланса да қаза болғандардың пулеметтерін  орналастырып жүр еді. Біз оған жақын келіп, бізбен бірге жүруге кеңес бердік. Ол: «Өздерің жүре беріңдер. Егер мен кетсем, жауды кім тоқтатады?»-деді. Ал біз оған табанды түрде: «Немене сен бір өзің бүкіл гитлершілерді құртпақшымысың, жүр бізбен!» дедік. Оның жауабы: «Кетіңдер, әйтпесе қаза табасыңдар», -деді де жауға оқ боратуды жалғастыра берді. Біз кетіп қалдық. Біраз уақыттан соң тылда бәрі де тып-тыныш болып қалды, біз бір-бірімізге қарап: «Бәрі бітті!»-дедік. Бұдан соң Болатов Ахметқазы сөзін аяқтай келе: «Сол сәтті еске ала отырып айтарым, егер Мәншүк бізді жаудан қорғамаса, біз шегінушілер, бәріміз де тірі қалмас едік. Сондықтан біз өз өміріміз үшін Мәншүкке қарыздармыз!»

Джиенбаев С.С. «Сотая казахская». Алматы: «Дайк-Пресс», 2000. Страница 181.

 

РУС

Герой Советского Союза Маметова Маншук Жиенгалиевна

        М.Ж.Маметова родилась в 1922 году в Западно-Казахстанской области.

       С августа 1942 года Маншук числится в действующей армии. В части она считалась лучшей пулеметчицей.

      Пулеметчица 21-й гвардейской стрелковой дивизии, старший сержант Маншук Маметова погибла, защишая древний город Невель (Псковская область),15 октября 1943 года, где и была похоронена.

      1 марта 1944 года она была удостоена звания Героя Советского Союза.

Воспоминания  однополчанина Маншук Маметовой Болатова Ахметказы  Ахметжановича.

Из воспоминания участника боев за станцию Изочи младшего лейтенанта   Болата Ахметжанова:

«...11 октября 1943 года наш дивизион, получив задание принять участие в освобождении станции Изочи, присоединился к батальону, где служила Маншук.

Отделение пулеметчиков, которым командовала Маншук, было расположено на возвышенности, напротив скопления немцев. Рано утром начался бой. Нам удалось без потерь занять Изочи, но через некоторое время немцы стремительно перешли в контратаку. У нас было много потерь, оставив позиции, мы вынуждены были отойти. На пути отступления мы увидели Маншук, которая одна-единственная вела бой, имела ранение в голову, переставляла пулеметы погибших. Мы, находясь поблизости, посоветовали идти ей с нами. Она ответила: «Идите сами, если я уйду, кто вас будет прикрывать». А мы настойчиво говорим ей: «Ты что, одна собираешься уничтожать всех гитлеровцев, давай с нами». Её ответом было: «Идите, иначе погибните»,- и продолжила стрельбу по врагу. Мы ушли. Через некоторое время в тылу все утихло, мы, посмотрев друг на друга, сказали: «Все кончено!» И далее Болатов Ахметказы  закончил: «Вспоминая об этом, я хочу сказать, если  Маншук не прикрывала бы нас, отступающих, то мы не остались бы в живых, за свою жизнь мы обязаны Маншук!».

 Джиенбаев С.С. «Сотая казахская» . Алматы: «Дайк-Пресс», 2000. Страница 181.

ENG

Hero of the Soviet Union Mametova Manshuk Zhiengalikyzy

   M.Zh.Mametova was born in 1922 in West Kazakhstan region.

Since August 1942, Manshuk is listed in the active army. In the unit, she was considered the best machine gunner.

The machine gunner of the 21st Guards Rifle Division of the Guards, Senior Sergeant Manshuk Mametova, died defending the ancient city of Nevel (Pskov region) on October 15, 1943, where she was buried.

On March 1, 1944, she was awarded the title of Hero of the Soviet Union.

 

 

 

 

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей