Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі

ҚАЗ
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі Ғимарат 1904жылы тұрғызылған. Сәулетші - Бунькин. Революцияға дейін ғимарат сауда банкісінің қарамағында, сонымен қатар дүкендер үшін пайдаланылған. Қазан революциясынан кейін мұнда жұмысшылар, жауынгерлер және шаруалар депутаттарының бірінші кеңесі орналасып, жұмыс жасаған. 1919 жылдан 1921 жылға дейін Орал облыстық революциялық комитеті орналасқан. 20-шы жылдары Орал губерниялық комсомол комитеті және Жасөспірімдер сарайы. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен оның бөлімдері орналасқан. Бұрынғы сауда-өндірістік коммерциялық банкі, қазір облыстық әкімшілік ғимараты республикалық маңызы бар XIXғ. тарихи, мәдени және архитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұр.
РУС
Областной акимат ЗКО. Здание построено в 1904 г. Архитектор – Бунькин. До революции здание принадлежало коммерческому банку, а также использовалось как магазины. После Октябрьской социалистической революции здесь размещался и работал первый Совет рабочих, солдатских и крестьянских депутатов. С 1919 г. по 1921 г. размещался и работал Уральский областной революционный комитет, в 20-х годах-Уральский губ.ком комсомола и Дворец юношества. В настоящее время здесь расположен областной акимат. Бывший дом торгово-промышленного коммерческого банка, ныне здание акимат Западно-Казахстанской области находится под государственной охраной как памятник истории, культуры и архитектуры XIX века республиканского значения.

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей