Көпес Ванюшиндер үйі

ҚАЗ
Көпес Ванюшиндер үйі.

Ванюшин деген көпеске тиесілі болған бұл ғимарат ХІХ ғасырдың екінші жартысында салынған. Үш қабаттан тұратын бұл ғимараттың кірпіштен қаланған жертөлесі бар. Шатыры металдан. Үйдің шығыстық (қасбеті) және солтүстік жағы сол уақытқа сай бейнелі қаланған. Үйдің қасбетінде бірнеше терезе ойығы бар. Үйдің артқы бөлігі тегіс қаланған. Төбесі шығыс үлгісіне тән ағаш айдаршалары бар шатыр тәрізді. Бұл қаламыздағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында шығыс архитектурасының ұлттық үлгісінде салынған ең ерекше ғимарат болып есептелінеді. 1917 жылға дейін бұл жерде облыстың бірінші басқармасы жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Одесса жаяу әскери училищесі көшірілді. Ұлы Отан соғысынан кейін мұнда ауылшаруашылық техникумы орналасты. 1984 жылдың қазанында ауылшаруашылық техникумының ғимараты пинонерлер сарайы ретінде берілсе, кейін бұл ғимаратта №38 жалпы білім беретін қазақ мектебі орналасқан. «Бұл ғимаратта 1937-1940 жж. Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиев оқыған» деген жазуы бар мемориалдық ескерткіш қойылған. Қазіргі таңда Сәкен Ғұмаров атындағы балалар көркем-сурет мектебі орналасқан. Ғимарат тарихи және архитектуралық ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауға алынған.

РУС
Дом купцов Ванюшиных.

Здание было построено во второй половине ХІХ века и принадлежало купцу Ванюшину. Трехэтажное здание с подвальным помещением из кирпича. Кровля металлическая. Восточная (фасадная) и северная стороны здания имеют художественную кладку, характерную для своего времени. Фасад здания имеет много оконных проемов. Задняя часть здания выложена гладкой кладкой. Крыша шатровая с характерными восточными надстройками и деревянными гребешками. В городе это самое характерное здание, построенное в национальном стиле восточной архитектуры, предположительно во второй половине ХІХ века. До 1917 года здесь находилось и работало первое правление области. Во время Великой Отечественной войны в этом здании размещалось эвакуированное Одесское пехотное училище. После Великой Отечественной войны здесь находился сельскохозяйственный техникум. В октябре 1984 года здание сельскохозяйственного техникума было передано под Дворец пионеров, в годы незавизимости в здании разместилась №38-ая школа-лицей имени А.Молдагуловой. В данное время в этом здании размещается детская художественная школа имени С.Гумарова.

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей