Get Adobe Flash player

Басты мәзір

  • Домашняя страница
  • История музея
  • Законодательство
  • 3D галерея
  • Фотогалерея
  • Виртуальный тур
  • Видеогалерея
  • Карта проезда
  • Гостевая книга

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлы-Техникалық университеті музейінің тарихы 2003 жылдың 11 қазанынан бастау алады. 2004 жылдың 1 наурызынан бастап Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі ретінде құрылып, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей деп танылды. Жәңгір ханның рухани мұрасы бүгінде тек атаулы оқу орны ұжымының көзқуанышына ғана айналып қоймай, қала қонақтары мен зиялы қауымның да назарын аса қызығушылықпен аудартуда.

 

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей

 

Музей экспозициясы қазақ халқының қолөнер туындылары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандар, ұлттық киімдер қойылған этнографиялық залдан, Бөкей Ордасының ХІХ ғасырға жататын фотосуреттері, Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан табылған Жәңгірдің мөрі басылған кітаптардың көшірмелері көрініске қойылған қазақ тарихындағы Жәңгір ханның өшпес орны жөнінде сыр шертетін залдан және іргелі оқу орны ардагерлерінің құжаттары, университет түлектерінің портреттері мен жеке заттары сақталған университет тарихы залдарынан тұрады.

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей
  • Музей меңгерушісі – Төлепов Нұржан Жолдығалиұлы.
  • Мекен-жайы: Орал қаласы, Жәңгір көшесі 51.
  • Байланыс телефоны: 8 (7112) 51 61 37 (+290).
    Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Западно-Казахстанский государственный университет им. М. Утемисова

Тіркелу

Жемчужины фонда

Смотреть все
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?