Атамандар үйі

ҚАЗ
Атамандар үйі.

      Ғимараттың салынған жылы 1823ж. Ғимаратты итальяндық архитектор М.Дельмидено салған. Үй атаман Д.М.Бородинге тиесілі болған. Ғимарат таспен қаланған, екі қабатты, ампир стилінде салынған. ХІХ ғасырда бұл үйге ұлы орыс жазушылары тоқтаған: А.С.Пушкин (1833ж.) осы үйге тоқтап Е.Пугачевтың басшылығымен 1773-1775 жж. болған көтерілісі туралы материалдар жинап, «Истории Пугачева» және «Капитанская дочка» атты шығармаларында пайдаланған. В.И. Даль (1830ж.) «Түсіндірме сөздіктің» авторы, қызметтік жұмысы бойынша Оралда жиі болған. «Уральский казак» очеркінде, «О наречиях русского языка» мақаласында ол казак сөздеріне сипаттама беріп, олардың тұрмыстары мен әдет-ғұрыптарын суреттеп береді. Дальдың бірнеше жұмыстары қазақ халқының тұрмысына арналған. 1862 жылы қаламызға аяқ басқан Л.Н. Толстой (1862ж.) да казактардың өмір сүру салтымен және олардың фольклорымен танысқан. Оралда жинақтаған материалдар бойынша ол «За что?» деген әңгімесін жазған. Олардың Оралда болғандығын есте сақтау мақсатында тұрақтаған ғимараттарының қабырғаларына мемориалды тақта орнатылған. 1930 жылы фасадтағы балкондарды, кіре берістегі колонналарды алып тастаған. Ішкі бөлмелердің орналасуы да өзгертілді. Соғыстан кейінгі кезеңде бұл жерде пионерлер мен оқушылар Үйі болып, оның жанынан Қазақстандағы бірінші планетарий ашылды. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта А.С.Пушкин музейі және ҚР ІІД облыстық ішкі істер департаментінің госпиталы орналасқан.

РУС

Дом наказного атамана.

     Здание построено в 1823 году итальянским архитектором М. Дельмедино. Дом принадлежал атаману Д.М.Бородину. В ХІХ веке останавливалась писатели: А.С.Пушкин (1833 г.) собирал материал о крестьянской войне 1773-75 гг. под предводительством Е.И.Пугачева. этот материал он использовал в «Истории Пугачева» и «Капитанской дочке». В.И.Даль (1830-е гг.) автор «Толкового словаря», часто бывал в Уральске по служебным делам. В очерке «Уральский казак», в статье «О наречиях русского языка» он даёт характеристику речи казаков, рисует картины быта, нравов уральцев. Несколько работ Даля посвящены быту казахского народа. Л.Н.Толстой, приезжавший в наш город в 1862 году, знакомился с жизнью, бытом казачества, с его фольклором. По материалам своей поездки в Уральск он написал рассказ «За что?». В память об их пребывании в Уральске установлена мемориальная доска. Здание каменное, двухэтажное, построено в стиле ампир. В 1930 году с фасада урбаны балконы, сняты колонны у входа. Изменениям подверглось и внутреннее расположение комнат. В послевоенный период здесь находился Дом пионеров и школьников, при котором был открыт первый в Казахстане планетарий. В настоящее время в здании расмещается госпиталь областного департамента внутренних дел РК и музей А.С.Пушкина.

Жемчужины фонда

Продажа билетов

Архив

Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Схема проезда

Социальные сети

       

Copyright © 2011-2019. Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей